Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіндегі семинар

2019ж. 15-16 мамырда Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің базасында «Қазақстанда университеттік автономияға көшу» (TRUNAK) жобасын жүзеге асыру аясындағы автономияның базалық моделін құруға арналған семинар өткізілді. Семинардың бірінші күнгі бағдарламасы Словения, Польша, Швециядағы семинарларда талқыланған 2. Development жұмыс пакетінің нәтижелеріне, автономияның 4 типі бойынша кеңею ұсыныстарына және Еуропалық серіктестердің университеттерінде автономияны енгізу механизмдерін ұсынуға арналды. Екінші күні қазақстандық серіктестер Денсаулық сақтау министрлігімен, еуропалық серіктестермен және Еуропалық университеттер қауымдастығымен бірлесе отырып университеттік автономияның базалық моделін құрудың негізгі қағидаларын құрастырып, Қазақстанда автономия моделін енгізу мақсатындағы сынамалы ұйымды таңдау мәселесі мен алдағы қадамдарды талқылады.