Erasmus + CBHE грант иелерінің семинары

Erasmus + CBHE грант иелерінің семинары

 2018 жылдың 29-30 қаңтарында  Брюссельде (Бельгия) Еуропалық Одақтың Білім, аудиовизуалды және мәдениет жөніндегі атқарушы агенттігі (EACEA) ұйымдастырған, «Қазақстанда университет дербестігіне ауысу/TRUNAK» жобасын жүзеге асыру шеңберінде, жоба менеджері Гүлдана Ахметова және серіктес университет М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің өкілі Сауле Бермағамбетова, Erasmus + Жоғары Білім Әлеуетін Арттыру жобалары бойынша грант иелерінің семинарына қатысты. Кездесу барысында жобаны басқару, іске асыру, қаржылық ережелер және гранттық келісімнің ережелерін сақтау мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, жобаны іске асыру бойынша сұрақтар жоба менеджері Анн Шпангемахермен және Қазақстандағы Erasmus + бағдарламасының ұлттық кеңсесінің үйлестірушісі Шайзада Умурзаковна Тасболатовамен талқыланды.