«Қазақстандағы университеттік автономияға көшу: сын-қатерлер мен перспективалар» жаһандық халықаралық конференциясы

2018 жылдың 20-21 қараша күндері Қарағанды мемлекеттік медицина университеті базасында мақсаты институционалдық автономияның түрлі аспектілерін талқылау болып табылатын «Қазақстандағы университеттік автономияға көшу: сын-қатерлер мен перспективалар» атты жаһандық халықаралық конференциясы өткізілді.

Конференцияны ұйымдастырушылар ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен ҚР Білім және Ғылым министрлігінің қолдауымен Қарағанды мемлекеттік медицина университеті мен Қазақстандағы Эразмус+ ұлттық офисі болып табылады.

Конференцияның жұмыс барысына Бельгия, Швеция, Ұлыбритания, Италия, Финляндия, Франция, Словения, Литва және Ресейден келген білім беру саласындағы халықаралық сарапшылар, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, ҚР Білім және Ғылым министрлігінің, Қазақстандағы Эразмус+ ұлттық офисінің өкілдері, Қазақстандағы жоғары білімді реформалау бойынша эксперттер Ұлттық тобының мүшелері, білім беру ұйымдарының жетекшілері, сонымен қатар, кадрлық және қаржы қызметінің, академиялық жұмыстың мамандары, ғалымдар, оқытушылар және университеттің білім алушылары қатарынан 500-ден астам адам қатысты.

Конференция барысында ЖОО-лардың автономиялары мүмкіндіктерін кеңейтудің ең маңызды мәселелері талқыланды: ұйымдастыру-басқару автономиясы, қаржы автономиясы, ЖОО-ның кадрлық саясаты, ЖОО-ның академиялық автономиядағы өкілеттігі, білім беру үдерісін ұйымдастыру принциптері, жоғары білім беру саласындағы мемлекеттің білім беру саясаты.

Пленарлық отырыста Университеттердің Еуропалық қауымдастығының басқару, қаржы және мемлекеттік саясаттың дамуы мәселелері жөніндегі директоры Томас Эстерманның және орынбасары Энора Прувоттың Қазақстандағы университеттік автономияны жүзеге асырудың дүниежүзілік тәжірибесі мен қазіргі жағдайының талдауы көрсетілген баяндамалары ұсынылды. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры С.М.Өмірбаев өзінің баяндамасында Қазақстандағы институционалдық автономияны енгізу реформасының барысы жөнінде талқылады.

“Қазақстандағы университеттік автономияға көшу/TRUNАK” Жоғары білім беру әлеуетін арттыру Эразмус+ жобасы бойынша серіктес шетелдік жоғары оқу орындары автономияның төрт түрі бойынша мастер-кластар өткізілді: кадрлық, ұйымдастырушылық, академиялық және қаржылық. Мастер-кластар барысында білім беру ұйымдарын басқарудың еуропалық тәжірибесі және аталған тәжірибені жүзеге асыруға арналған қазақстандық мүмкіндіктер талқыланды.

Концеренцияның қорытындысында панельдік дискуссия өткізілді, онда еуропалық және қазақстандық университеттер министрліктермен консолидациясында жоғары білім берудегі реформалардың барысы туралы пікірлерімен алмасып, Қазақстандағы университеттік автономияны кеңейту үдерісін әрі қарай жетілдіру бойынша ұсыныстар шығарды.