«Қазақстан Республикасындағы университеттерінің автономия моделіне» дөңгелек үстелі

2019 ж. 25 сәуірде Марат Оспанов атындағы БҚМУ «Үздіксіз медициналық білім беруді интернационализациялау. Болашаққа бағдар» III Халықаралық ғылыми-білім беру конференциясы аясында «Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындарының автономия моделіне» атты дөңгелек үстелі өтті.
Шара шетелдік сарапшылар мен Қазақстанда медициналық білім берудің көшбасшыларының қатысуымен ұйымдастырылды.
Диалог алаңында ҚР-ғы және шетелдегі университеттің дербестік мәселелері талқыланды.
Дөңгелек үстелдің спикерлері Химиялық технология және металлургия университетінің доценті Андриана Сурлева (Болгария), Болгарияның Пловдив медициналық университетінің профессоры Мариана Мурджева, БҚМУ провосты Марчин Ручинский және клиникалық және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры Г.А. Смагулова сөйледі. Сонымен қатар дөңгелек үстелге Мхитара Гераци атындағы Ереван мемлекеттік медицина университетінің, Литва денсаулық ғылымдары университеті, Пловдив медициналық университеті, сондай-ақ Қазақстан аймақтарының жоғары медициналық білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.
Қатысушылар университет автономиясының барлық түрлері: ұйымдық, кадрлық, академиялық және қаржылық мәселелерді талқылады. Шетелдік әріптестердің жоғары оқу орындарының тәжірибесі дөңгелек үстелдің барлық қатысушыларының қызығушылығын тудырды.
Дөңгелек үстел Erasmus+ «TRUNAK – Қазақстандағы университеттердің автономиясына көшу» жобасының ағымдағы нәтижелерін таратуға ықпал етті.