Мақсаттары

Жобаның мақсаты – бюджеттік және академиялық өзін-өзі басқарудың қандай деңгейі
қажет екендігі туралы шешім қабылдай алатын, қазақстандық университеттердің өзін-
өзі басқару модельдері төңірегіндегі консенсус үшін негіздерді қамтамасыз ету.

Жобаның міндеттері:

  • Қазақстандағы университеттік автономия үдерісінің жай-күйі мен қажеттілігін
    талдау және университеттік басқару моделін ұсыну/таныстыру.
  • Академиялық басқарудың негізгі мүдделі тараптарының рөлін нақты анықтау.
  • Автономияны неғұрлым терең талқылауға мүдделі тараптарды тарту және
    ректорларды тарту арқылы автономияны институционалдық ұйымдастырумен
    қамтамасыз ету
  • Министрліктермен бірлесіп, қазақстандық университеттерде қолданылатын
    басқару моделін сындарлы талқылауға жәрдемдесу
  • Тәжірибелік негізде автономия үлгісін жүзеге асыру.
  • Басқару реформасын жүзеге асыратын университеттерге көмек көрсету үшін
    консультативтік топ құру
  • Серіктес-университеттер мен министрліктер жинаған жобаның нәтижелерін,
    жетістіктері мен тәжірибесін тарату.

Алға қойылған мақсаттарға жету үшін Trunk жобасы:

  • Жобаны дайындау кезеңінде Қазақстанда университеттік автономия саласындағы
    қажеттіліктерді анықтау мақсатында қазақстандық ЖОО арасында сауалнамалық
    зерттеу жүргізу қажет.
  • Қазақстандық және еуропалық серіктестер сауалнама нәтижелерін талдау бойынша
    бірлесіп жұмыс істейтін болады.
  • ЕО серіктестері олар жұмыс істейтін елде, сондай-ақ ЕО-ның басқа да елдерінде
    қолданылатын автономия модельдерін ұсынады.
  • Қазақстандық жоғары оқу орындарының автономиясын арттыру үшін ұқсастықтар
    мен айырмашылықтар, ықтималды баламалары талқыланатын болады.

Аралық мақсаттары:

  1. Университеттік автономияның базалық моделін (медицина сияқты арнайы білім
    салалары үшін баламалы модельдерді қамтитын) әзірлеу. Модель сипаттамасы
    Еуропалық университеттер асоциациясының автономиялық құралына сәйкес төрт
    құрылымдарға, яғни қаржылық, академиялық, ұйымдастырушылық және кадрлық
    автономия салаларына және әр сала үшін көрсеткіштермен құрылымдалуы тиіс.
  2. Серіктес жоғары оқу орындарына енгізу. Енгізу кезеңінде жинақталған тәжірибе
    кейіннен басқа университеттер арасында тарату кезеңі шеңберінде пайдаланылатын
    болады.
  3. ЖОО-лармен және ұсынылған реформаларға қатысушылармен қарым-қатынас жасау
    үшін ақпараттық стратегия әзірлеу, реформаларды енгізудің кесте жобасын жасау.
  4. Нәтижелердің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін референттік топты қалыптастыру.
    Автономияны енгізу бойынша Консалтингтік топ құру. (AICG).