Словения, Любляна Университетіндегі автономия бойынша екінші семинар

25.02.19 – 01.03.19 аралығында Словения, Любляна университетінде «Қазақстанда университеттік автономияға көшу» (TRUNAK) жобасын жүзеге асыру шеңберінде университеттік автономия моделін құру мәселесі бойынша екінші семинар өтті. Бірінші семинар 4.02.19-08.02.19ж. аралығында Швеция, Лунд университетінің базасында өткізілді.

Семинарға Қарағанды медицина университеті, Еуропалық университеттер ассоциациясының өкілдері, Лунд университеті, Любляна университеті, мұсылмандық өркениетті зерттеу бойынша Ага Хан-Институты, Любляна техникалық институты, Савония қолданбалы ғылымдар университеті,  дель Сакро Куоре Католикалық университеті, «Астана медицина университеті», М.Оспанов атындағы Батыс-Қазақстандық мемлекеттік медицина университеті, М.Козыбаев атындағы Солтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеті, Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті,  Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің өкілдері қатысты. Семинарға ҚР Білім және ғылым министрлігінің және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері қатысты. Семинардың модераторы Қарағанды медициналық университетінің ректоры, профессор Р.С.Досмағамбетова болды.

Семинар, Лунд университетінде өткен семинар сияқты екі бөлікке бөлінді: бірінші күннің жартысында Еуропалық серіктестер Еуропалық университеттеріндегі автономияның тұжырымдамалары мен қағидаларын таныстырды, күннің екінші жартысында шетелдік сарапшылардың басқаруымен кіші топтарда жұмыс өткізілді.

Семинардың соңғы күні жұмыс топтары реформалалау үдерісі және Қазақстанның нормативтік – құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу бойынша өзінің ұсыныстарын таныстырды. Қазақстан университеттерінің академиялық, ұйымдастырушылық, кадрлық және қаржылық автономиясы бойынша құрастырылған модельдері келесі жұмыс топтарына 04.03.2019-08.03.2019ж. аралығында Польша, Любляна технологиялық университетінде өтетін семинарда әрі қарай талқылануға тапсырылды.