Бельгиядағы университеттер автономиясының әдістемесі бойынша семинар-тренинг

 

2018 жылдың 19-20 наурызында Еуропалық университеттер қауымдастығы TRUNAK жобасының серіктестері барлық жоба мүшелеріне оқыту семинарын өткізді. Семинарға Қазақстанның серіктес университеттерінің 15 қатысушысы және еуропалық әріптес университеттерден 5 қатысушы қатысты. Сонымен қатар академиялық емес серіктес ретінде Нулиралиева Ульмира Әуезханқызы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық білім беру  департаментінің бастығы қатысты. Қонақтар ретінде семинарға Еуропалық Одақтағы EACEA агенттігінің басшысы Анн Шпангемахер және Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігінің Елшісі Саулекүл Сайлауқызы семинарға қатысты.

Кездесу барысында Басқару, қаржы және қоғамдық саясатты дамыту Департаментінің Директоры Томас Истермен және Директордың орынбасары Энора Прувост автономия мәселелері бойынша 29 еуропалық университеттерде жүргізілген зерттеулер нәтижелерін ұсынды. Содан кейін қазақстандық жоғары оқу орындарында осы әдіснаманы кезең-кезеңмен қолдану ұсынылды, деректерді жинау және талдау мәселелері және осы зерттеудің күтілетін нәтижелері талқыланды. Қазақстандық серіктестер сауалнамаларды талқылауға, берілген жауаптардың ашықтығы мен айқындығына, университетте автономия жағдайын анықтау үшін жобаға қатыспайтын басқа университеттерді шақыру мүмкіндігіне белсенді қатысты. Зерттеу нәтижелері ағымдағы жылдың қараша айында Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарының өкілдерімен кеңейтілген кездесуде талқыланатын болады.