Польша, Люблин техникалық университетінде ЖОО-лардың автономиясын кеңейту бойынша өткізілген үшінші семинар

04.03.19 – 08.03.19 аралығында Польша, Люблин техникалық университетінде «Қазақстанда университеттік автономияға көшу» (TRUNAK) жобасын жүзеге асыру шеңберінде серіктес мемлекеттердің жоо-лары қатысуымен университеттік автономия моделін құру мәселесі бойынша үшінші семинар өтті. Бірінші семинар 4.02.19-08.02.19ж. аралығында Швеция, Лунд университетінің базасында, екінші семинар 25.02.19-01.03.19 аралығында Словения, Любляна университетінің базасында өткізілді. Аталған семинарлар 2.1 Университеттік автономия бойынша дискуссиялық топтар атты Жұмыс пакетін жүзеге асыру аясында өткізілді.

Семинардың модераторлары Қарағанды медицина университетінің стратегиялық даму, ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры А.А.Тұрмұхамбетова және мұсылмандық өркениетті зерттеу бойынша Ага Хан-Институтының (Ұлыбритания) докторы Дэвид Тейлор болды.

Семинар екі бөліктен тұрды: бірінші күннің жартысында Еуропалық мемлекеттерден келген серіктестер Еуропалық университеттеріндегі автономияның тұжырымдамалары мен қағидаларымен таныстырды, күннің екінші жартысында шетелдік сарапшылардың басқаруымен кіші топтарда жұмыс өткізілді.

Семинардың соңғы күні жұмыс топтары реформалалау үдерісі және Қазақстанның нормативтік – құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу бойынша өзінің ұсыныстарын таныстырды. Қазақстан университеттерінің академиялық, ұйымдастырушылық, кадрлық және қаржылық автономиясы бойынша ұсыныстары автономияның базалық  моделін құру мақсатында 15.05.2019-17.05.2019ж. аралығында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде өтетін семинардағы жұмыс топтарында талқыланады.