ҚММУ қызметкерлері  үшін ЕУА университеттік автономиясын зерттеу әдістемесі бойынша оқыту семинары  

ҚММУ қызметкерлері  үшін ЕУА университеттік автономиясын зерттеу әдістемесі бойынша оқыту семинары  

2018 жылдың 19.04 «Қазақстандағы университеттік автономияға көшу/TRUNAK» жобасының ҚММУ командасы ҚММУ құрылымдық бөлімшелерінің басшылары үшін оқыту семинарын өткізді. Сауалнама талдау жүргізуді ұйымдық, кадрлік, қаржылық және академиялық дербестік сияқты төрт өлшемде қарастырады. Осыған байланысты, семинарға экономика және қаржы Департаментінің, адам ресурстарын басқару Департаментінің, Әкімшілік-басқару құрамының және академиялық жұмыс Департаментінің қызметкерлері шақырылды. Кездесудің модераторлары жоба үйлестірушісі Хьюго Бражиони мен оқу-әдістемелік жұмысы бойынша проректор В.П. Риклефс сөз сөйледі. Семинар барысында қатысушыларға университеттік автономия сауалнамасы және сауалнаманы толтыру бойынша нұсқаулығы ұсынылды.   Семинар соңында  қатысушылар сауалнаманы толтыру кезеңдері мен барлық төрт өлшем бойынша жауаптар базасын қалыптастыру туралы келісті.